Сұрақтармен бізге хабарласыңыз:
немесе жазыңыз info@pmpk-arkalyk.edu.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

1 қыркүйек 2020
Толығырақ

Ата-аналар үшін пайдалы ақпарат

Ата-ананың бұрышы
Толығырақ

Жеткізушілерге арналған ақпарат

Барлығы мемлекеттік сатып алулар бойынша
Толығырақ

БАЛАНЫҢ ДИСГРАФИЯСЫ. АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕСТЕР

1. Егер балаға үйде мәтінді оқу немесе көп жазу сұралса, онда мәтінді бөліктерге бөліп, тапсырманы бірнеше қадаммен орындаңыз.
2. Баланы үй тапсырмасын бірнеше рет қайта жазуға мәжбүрлемеңіз, бұл баланың денсаулығына зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар оған сенімсіздік тудырады, қателіктер санын көбейтеді.
3. Балаңызды қол жеткізген әрбір жетістік үшін мадақтаңыз, мүмкіндігінше қолдау көрсетіңіз.
Дисграфиканың қолжазбасы – оның барлық қиындықтарының көрінісі. Әдетте, дисграфикте қолжазбаның екі түрі күрт ерекшеленеді: біреуі кішкентай, бисер сияқты “әдемі”; екіншісі – үлкен, өрескел яғни, “жаман”. Тәжірибе көрсеткендей, жай ғана ыңғайсыз және үлкен әріптер- ақыр соңында дұрысталуы мүмкін.
Сонымен, әдемі жазуға ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУ КЕРЕК?
Мұнда бәрі қарапайым. Күн сайын тор көз дәптерге кез-келген өнер туындысынан немесе кішігірім оқулықтан алынған мәтін жазуға болады. Маңыздысы мәтінді көшіргенде әрбір әріпті жеке – жеке дәптердің ұяшықтарына жазу керек. Бір ұяшықта , бір әріптен тізбектеп. Әдетте бала 2- 3 аптада үйренеді.
Мұнда баланың психологиялық дайындығы маңызды, ” таяқтың астынан” нәтиже болмауы мүмкін. Мәтіннің көлемі кішкентай болуы керек, он жасқа дейінгі бала үшін бұл күніне бір ғана жол, бірақ дұрыс жазылған болуы керек.