Сұрақтармен бізге хабарласыңыз:
немесе жазыңыз info@pmpk-arkalyk.edu.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

1 қыркүйек 2020
Толығырақ

Ата-аналар үшін пайдалы ақпарат

Ата-ананың бұрышы
Толығырақ

Жеткізушілерге арналған ақпарат

Барлығы мемлекеттік сатып алулар бойынша
Толығырақ

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»

2023 жылғы 24-25 тамызда еліміздің 20 өңірінде «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі бастау алады.

«Биыл алғаш рет республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта өтеді. Барлық 20 аймақ тақырыптық бағыттарға бөлінген. Кеңесте педагог-практиктер, сарапшылар, білім және психология саласындағы мамандар сөз сөйлейді. Екі күн бойы панельдік және секциялық сессияларда педагогтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша, инклюзивті білім берудің, балалардың құқықтарын қорғаудың және білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылайтын болады”, – деп атап өтті орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

24 тамызда Қостанай облысында «Инклюзивті және арнайы білім» тақырыптық бағыты бойынша секциялық отырысы өтеді.

25 тамызда онлайн режимде қосылатын 20 өңірдің қатысуымен бірыңғай республикалық пленарлық сессия өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады.

Қостанай облысында пленарлық сессия облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың төрағалығымен өтеді.

Форумның пленарлық сессиясы Оқу-ғарту министрлігінің, облыстық білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube-тегі парақшаларында көрсетіледі.