Сұрақтармен бізге хабарласыңыз:
немесе жазыңыз info@pmpk-arkalyk.edu.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

1 қыркүйек 2020
Толығырақ

Ата-аналар үшін пайдалы ақпарат

Ата-ананың бұрышы
Толығырақ

Жеткізушілерге арналған ақпарат

Барлығы мемлекеттік сатып алулар бойынша
Толығырақ

Артикуляциялық жаттығулар не үшін қажет?

Артикуляциялық жаттығулар – артикуляция органдырын (еріндер, тіл, асты жақ) жаттықтыруға арналған жаттығулар, бұл жаттығулар дұрыс сөйлеу үшін қажет.

Артикуляциялық жаттығулар –артикуляциялық аппараты органдарының толыққанды қимылдарын машықтандырады, дыбыстардың дұрыс айтылуына септiгiн тигізеді.

Балаға қиын дыбыстардың (с, з, ш, ж, л, р) айтылуын үйрету үшін оның еріндері мен тілі күшті болып, дұрыс қимылдау керек, оларды қажетті қалыпта ұзақ ұстаудың, бір қимылдан екінші қимылға қиналмай ауыстыру қабілеті болу қажет. Бұл жағдайда артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.

Сөйлеу тілі негізінде жазу қалыптасады, сондықтан сөйлеу тіліндегі кемшіліктер мектептегі нашар үлгіріміне әкелетiнi баршаға белгілі. Осының алдын алу үшін сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою қажет. Ол үшін бізге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.