Сұрақтармен бізге хабарласыңыз:
немесе жазыңыз info@pmpk-arkalyk.edu.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

1 қыркүйек 2020
Толығырақ

Ата-аналар үшін пайдалы ақпарат

Ата-ананың бұрышы
Толығырақ

Жеткізушілерге арналған ақпарат

Барлығы мемлекеттік сатып алулар бойынша
Толығырақ

Ашық конкурс

Ашық конкурс
Қазақ және орыс тілді дефектолог-мұғалім 1 ставка бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ дефектолог-мұғалім лауазымына орналасауға құжаттарды қабылдау жүргізеді.
Мекен-жайы: Арқалық қаласы, Ш-Жәнібек көшесі 109 үй, телефон 8-71430-76521,
E-mail: info@arkalyk-pmpk.edu.kz
Конкурс жүргізілу күндері:
құжаттарды қабылдау конкурстық комиссияның жұмысы:
02.09.2024 пен 10.09.2024 аралығы.
Конкурс «мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2021 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Қажетті құжаттардың тізбесі бұйрыққа қосымшада көрсетілген.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (индентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген -бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі -ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құюжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.